Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы көлікті техникалық тексеру орталықта...

Қазақстандағы көлікті техникалық тексеру орталықтарына талап күшейеді

Әлеумет 04.10.2022, 05:41 963
Қазақстандағы көлікті техникалық тексеру орталықтарына талап күшейеді
Сурет: Ukasko.ua

Елдегі автокөлік саны 3,9 миллионнан 5 миллионға дейін өсті.


Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көлікті техникалық тексеру операторларының жауапкершілігін күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Өз сөзінде министр елдегі автопарктің артып келе жатқанын айтты.



«2019 жылдан бастап автокөлік саны 3,9 миллионнан 5 миллионға дейін өсті. Оның ішінде шетелдік тіркеудегі көліктер де бар. Бұған қоса, автопарк ескіріп жатыр. Еліміздегі 50% пайыздан астам көліктердің пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен. Яғни, тозығы жеткен», - деді Ішкі істер министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.



Сонымен бірге, Марат Ахметжанов автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жүргізілмейтінін айтты.



«Өздеріңіз білесіздер, техникалық тексеру орталықтарын ашуға қойылатын талаптар төмендетілді. 2016 жылы оларды ашу тәртібі лицензиялаудан хабарлама түріне өзгерді. 2018 жылы бұл қызметке рұқсат беру бақылауы жойылды. Бұл жағдай көлікті техникалық байқаудан жалған өткізіп, талондар беру практикасына әкеп соқты. Былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осындай 350 мың жалған құжат жасап, 600 млн теңге заңсыз табыс тапқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады», - деді ведомство басшысы.



Оған қоса, соңғы 4 жылда техникалық жайдайға байланысты байқаудан өтпей қалған көліктердің саны екі есеге азайған.



«Бұл әрине, үлкен күмән тудырады. Өйткені көліктердің техникалық регламент талаптарына сай келмеуіне байланысты 106 мың жүргізуші жауапқа тартылған. Сондай-ақ, техникалық байқаудан өтпеген 80 мың жүргізушіге айыппұл салынды. Кезінде бұл функция кәсіпкерлік саласына берілген болатын. Бірақ, процедураны жеңілдетеміз деп, көптеген теріс салдарға жол бердік. Жол апаттары көбейіп, жемқорлық артты. Осыған байланысты, Индустрия министрлігіне автокөлікті жалған тексеру фактілері үшін техникалық байқау операторларының жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз», - деді Марат Ахметжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #тексеру #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.