Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы кейбір жүргізушілер сақтандыру үшін...

Қазақстандағы кейбір жүргізушілер сақтандыру үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болады

Әлеумет 21.10.2024, 12:01 1,337
Қазақстандағы кейбір жүргізушілер сақтандыру үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болады
egov.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) сақтандыру заңнамасына үлкен өзгерістер пакетін әзірледі. Бұл өзгерістер, оның ішінде, ұқыпсыз жүргізушілерге сақтандыру ережелерін қатаңдатуды көздейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған. Қоғамдық талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады. Заң жобасының негізгі нормалары автосақтандыруға қатысты. ҚНРДА құжаттың түсіндірмесінде сақтандыру сыйлықақыларын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отырғанын атап өткен.

Жоба бойынша, жол ережелерін бұзған жүргізушілерді тәртіпке ашқыру ету көзделген. Олар сақтандыру үшін көп төлеуге мәжбүр болады, ал сақтандыру жағдайлары бойынша төлемдер азаяды.

Жылдамдықты асыру, қарсы жолға шығу, бағдаршамға бағынбау, апаттық жағдай жасау, ақаулы көлікпен жүру – осы тәрізді ережелерді бұзғаны үшін жүргізушілердің сақтандыру сыныбы төмендейді. Егер жүргізуші үш немесе одан көп осындай құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оның сақтандыру сыныбы әдепкі деңгейден бір сатыға төмендейді.

Ең төменгі сақтандыру сыныбы – М2. Бұл сыныпты мына жағдайларда алатын жүргізушілерге тағайындайды:

  • мас күйінде көлік басқарған (соның ішінде бірнеше рет);
  • мас күйінде апатқа ұшыраған;
  • жол-көлік оқиғасында адам қаза тауып немесе мүгедек болған.

Егер жоғары сақтандыру сыныбына ие жүргізуші өз кінәсінен адам өлімімен аяқталған жол апатын жасаса, оның сақтандыру сыныбы дереу М2-ге төмендейді.

Барлығы заң жобасында 18 сақтандыру сыныбы қарастырылған. Төменгі сыныптар – жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін: М2, М1 және М, одан кейін нөлдік сынып, А сыныбы және 13 негізгі сынып келеді. Сынып неғұрлым төмен болса, сақтандыру үшін соғұрлым көп төлеуге тура келеді. Әр сынып бойынша сақтандыру шарттарымен толығырақ танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сақтандыру #көлік #Жол ережесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.