ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстандағы жалғыз әйел ұшқыш экипаж командирі а...

Қазақстандағы жалғыз әйел ұшқыш экипаж командирі атанды

Өмір-өзен 01.08.2021, 12:26 2,775
Қазақстандағы жалғыз әйел ұшқыш экипаж командирі атанды
Сурет: Gov.kz
Аға лейтенант Ардана Ботай Су-30СМ көп функционалды жойғышының экипаж командирі ретінде алғашқы жеке ұшуын орындады.

Аға лейтенант Ардана Ботай Су-30СМ көп функционалды жойғышының экипаж командирі ретінде алғашқы жеке ұшуын орындады.


Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы экипаж командирі атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өз шеберлігін Ардана Ботай тәжірибелік емтихан барысында дәлелдеген. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов дербес ұшуға рұқсат беретін практикалық емтиханды қабылдаған. 



«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында Су-30СМ жауынгерлік ұшағында экипаж командирі ретінде дербес ұшуды алғаш рет әйел адам орындады. Оның бұған жақсы дайындалғанын, көк аспанды бағындыруға деген ұмтылысын, жойғыш ұшқыш ретінде мемлекетіміздің әуе шебін күзетудегі міндеттерді орындап жүргенін атап өткен жөн. Ол жауынгерлік авиациядағы әйелдердің ерлермен тең дәрежеде күрделі міндеттерді орындай алатынын дәлелдеді», - деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов. 



Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы Қарағанды авиабазасында қызмет етеді. Бірнеше ай бойы Ардана Талдықорған қаласындағы авиация базасында арнайы оқудан өткен.




«Су-30СМ ұшағымен жеке ұшу - мен үшін кәсіби тұрғыда қалыптасуға жасаған үлкен қадам. Алдағы мақсатым - техниканы жақсарту және жер үстіндегі, әуедегі мақсаттарға және топтық ұшуларға жауынгерлік қолдануға рұқсат алу үшін әрі қарай даярлық бағдарламасына машықтану дағдыларын пысықтау»,  - деп Ардана Ботай болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.




Мамандардың айтуынша, аталған Су-30СМ – көп функционалды 4++ буынды жойғыш ұшақ. Ол кез келген ауа райында, күндіз-түні әрекет етуге қабілетті. Әуе барлауын жүргізуге, әуеде, жер үстінде және теңізде нысандарды жоюға арналған. 


Жоғары маневрлі жойғыш ұшақпен ұшуға рұқсат алу үшін бірнеше ай бойы теориялық білім алып, арнайы Су-30СМ тренажерында жаттығады, штурман ретінде ұшады. Көптеген сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырған соң ғана, тәуелсіз ұшуға рұқсат алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.