AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарл...

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деңгейде

Медицина 05.04.2022, 05:22 1,439
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деңгейде
Сурет: Strategy2050.kz

Тәулігіне 10-15 жағдай ғана тіркеліп отыр.


ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық ахуалды қанағаттанарлық деңгейде деп бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Коронавиурс инфекциясының тарау қарқыны бәсеңдегенін көріп отырсыздар. Тәулігіне 10-15 жағдай ғана тіркеліп отыр. Соның өзінде тәулігіне 15 мың ПТР-сынама зерттеліп жатыр. Осының 10-15-і ғана вирустың бар екенін көрсетуде. Бұл қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде екенін растап тұр. Бүгінде шынымен де індеттің тарауы саябырси бастады. Осыған байланысты барлық дерлік шектеу шараларын алып тастағанымызды білесіздер. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.



Оның айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай әлі қалыпқа түсе қоймаған.



«Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакциналау паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», - деді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #кви #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);