AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстандағы ең төменгі жалақы халықаралық станда...

Қазақстандағы ең төменгі жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес есептеледі

Билік 10.09.2025, 11:17 685
Қазақстандағы ең төменгі жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес есептеледі
depositphotos.com

Қазақстанда ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдері халықаралық деңгейде бекітіледі, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Мәжіліс дамушы елдерді ерекше ескеріп, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (№131 конвенция) ратификациялады. 

№131 конвенцияны ратификациялау не береді?

  • Қазақстанның ең төменгі жалақыны айқындайтын қолданыстағы тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітеді;
  • Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымына мүшелігі аясында халықаралық міндеттемелерге адалдығын растауға мүмкіндік береді.

Құжатта мынадай жалпы принциптер айқындалады:

  • ең төменгі жалақы жүйесін енгізу;
  • әлеуметтік әріптестік тараптарының ең төменгі жалақыны белгілеуге және қайта қарауға қатысуы;
  • ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен жұмысшылардың қажеттіліктерін есепке алу;
  • еңбекақы саласындағы кемсітушілікке тыйым салу.

Қазақстан 1993 жылдан бастап Халықаралық еңбек ұйымының толыққанды мүшесі және ұйым ережелерін сақтау мен халықаралық еңбек стандарттарын ұлттық заңнамаға кезең-кезеңімен енгізу бойынша міндеттемелерді мойнына алды.

Бұған дейін Қазақстан еңбек жағдайлары, еңбекті қорғау, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік диалогтың негізгі мәселелерін қамтитын еңбек саласындағы ұйымның 28 конвенциясын ратификациялады.

Қазір ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) Халықаралық еңбек ұйымына мүше 54 мемлекет ратификациялады. Олардың қатарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан Армения мен Әзербайжан бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ең төменгі жалақы #жалақы #конвенция #ратификация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);