AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы ең лас қала аталды

Қазақстандағы ең лас қала аталды

Әлеумет 21.01.2026, 11:15 768
 Қазақстандағы ең лас қала аталды
depositphotos.com

Қарағанды Қазақстандағы ең лас қала ретінде танылды. Мұндай қорытындыны "Қазгидромет" мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Желсіз күндері қаладағы ауа ластануының деңгейі рұқсат етілген шекті мөлшерден 24 есеге дейін асып кетуі мүмкін. Экологтардың пікірінше, ластанудың негізгі себептерінің бірі - жеке үйлердің сапасыз көмірмен пеш жағуы.

Жеке сектор тұрғыны Евгений Медведев кейінгі жылдары пештің түтіні әлдеқайда қоюланып кеткенін айтады. Оның бақылауынша, сапалы көмір табылса, түтін аз болады, алайда көбіне ашық әдіспен өндірілген көмір сатылып жатады. Мұндай көмір жылуды аз береді де, түтіні көп болады.

"Үш жыл бұрын 110 м² үйді бір маусым жылытуға шамамен 5 тонна көмір кететін. Ал қазір былтыр 10 тонна жұмсадым. Бұл нені білдіреді? Көмірдің сапасы нашарлаған", - дейді Медведев.

Тұрғындар қыста үй жылытуға 300 мың теңгеге дейін ақша шығарып, сонымен қатар, амалсыздан ауаны ластап отыр. Евгенийдің айтуынша, пеште қалатын күлдің көлемі де көбейген: бұрын бір шелек қана шықса, қазір үш шелекке дейін жиналады.

"Не істемедім дейсіз… Көмірді кептіріп көрдім, құрғақ кезде ертерек кіргізіп, тұндырып қойдым - бәрібір ештеңе өзгермеді", - дейді қала тұрғыны.

Экологтар жағдай жыл сайын ушыға береді деп санайды, өйткені бүгінгі күні халыққа көмір сату саласы реттелмеген, бақылаусыз нарықты еске салады.

"Көмір сапасын мемлекеттік бақылаудың жүйесі жоғалған. Көмір сатушылар көп жылдан бері көшірме күйінде жүрген “сертификаттарды” көрсетеді, оның қандай көмірге, қай жерде берілгені белгісіз. Ал нақты бақылау - орындарда тексеру, бақылау мақсатындағы сатып алу, зертханалық талдаулар - мүлде жүргізілмейді", - дейді Қарағандыдағы "ЭКОМУЗЕЙ" ұйымының даму жөніндегі директоры Дмитрий Калмыков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #лас қала #Қазгидромет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);