AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы ең жоғары 5 зейнетақы жарияланды

Қазақстандағы ең жоғары 5 зейнетақы жарияланды

Әлеумет 17.09.2025, 10:22 901
Қазақстандағы ең жоғары 5 зейнетақы жарияланды
depositphotos.com

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері - 35,7 мың теңге, алайда елімізде 900 мың теңгеден артық алатындар да бар. Бұл туралы БЖЗҚ мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жас бойынша берілетін айлық орташа төлем – небәрі 35,7 мың теңге. Дегенмен, ең жоғарғы сомаға шектеу қойылмаған, кейбір азаматтардың зейнетақысы 900 мың теңгеден асады.

Қазақстандағы ең жоғарғы 5 зейнетақы төлемі (2025 жылғы 1 қыркүйекке):

  • 993 041 теңге

  • 818 818 теңге

  • 635 236 теңге

  • 565 857 теңге

  • 560 437 теңге

Зейнетақы көлемі неге байланысты?

Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары төлемдерге бірнеше фактор әсер етеді: табыс деңгейі, жалақыдан тұрақты әрі толық аударымдардың жасалуы.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматқа өз қаражатына өзі ықпал етуге мүмкіндік береді. Міндетті 10 пайыз аударым жеткіліксіз болса, адамдар қосымша ерікті жарналар аудара алады.

БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы ақпанда Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы 993 040 теңге болған – қазіргі көрсеткіштен небәрі 1 теңгеге көп. Ал орташа айлық төлем аса өзгермеген: жыл басындағы 35,5 мың теңгеден 35,7 мың теңгеге ғана өскен.

Бұған дейін БЖЗҚ активтерді инвестициялық басқаруға қатысты шолуда кірістің төмендегенін мәлімдеген. 2025 жылғы қаңтарда инвестициялық табыс теріс көрсеткішке түсіп, минус 284,86 миллиард теңге болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #Зейнетақы қоры #ақша #орташа мөлшер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);