Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы бірқатар авиакомпаниялар әкімшілік ж...

Қазақстандағы бірқатар авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әлеумет 29.07.2022, 04:48 1,046
Қазақстандағы бірқатар авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сурет: ktrk.kg

Олар жолаушылар құқығын бұзған.


Қазақстан Үкіметі жолаушылардың шағымдарына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп, көптеген рейстердің кешігуіне және жолаушылардан түскен шағымдарға байланысты тексеруді жалғастыруда.



«Тергеу барысында ағымдағы жылдың 5 маусымында «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін Fly Arystan әуе тасымалдаушысының Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені анықталды. Осы рейстің жолаушыларына ұшуды күту кезінде «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде орналастыру қызметтері дұрыс деңгейде көрсетілмеген», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осыған байланысты ағымдағы жылдың 28 шілдесінде, авиакомпанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


Бұған дейін «Эйр Астана» компаниялар тобы ағымдағы жылдың 7 және 21 шілдесінде рейсті кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жалпы биыл «Эйр Астана» компаниялар тобы рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 9 189 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Қазіргі уақытта рейстің кешігуіне және жолаушылар құқықтарының бұзылуына байланысты тергеу жалғасуда, құқықбұзушылық фактілері анықталған жағдайда тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #әуекомпания #Қазақстан #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.