AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы бидайдың қоры жеткілікті. Ұнсыз қалм...

Қазақстандағы бидайдың қоры жеткілікті. Ұнсыз қалмаймыз - министр

Әлеумет 23.08.2022, 09:11 1,403
Қазақстандағы бидайдың қоры жеткілікті. Ұнсыз қалмаймыз - министр
Сурет: Inform.kz

Елімізде  бидай қоры жеткілікті және ұнның бағасы сәл төмендейді деп болжам бар.


Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Бұған дейін көктемде, күзде Қазақстанда бидай, ұн тапшылығы қатты сезіледі деген әңгіме шыққан еді. Қазіргі жағдай қалай? Қыста Қазақстанда ұн тапшылығы болмай ма? Осы бойынша қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?», - деген сұрақ қойылды Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.


Ербол Қарашөкеев өз жауабында елдегі бидай қоры жеткілікті екенін, тапшылыққа еш негіз жоқтығын айтты.


«Өзіміз санап көрейікші, биыл 13,4 млн тонна бидай жинаймыз. Былтырғы бидайдан 2,5 млн тонна қалдық қалды. Оның ішінде 360 мың тонна бидай «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы қорында тұр. Бидайдың елдегі тұтынылып отырған көлемі – 6-7 млн тонна. Сондықтан алдағы уақытта жиналатын бидай мен қордағы бидайды есептеңіз. Ол тұтынылатын бидайдың көлемінен бірнеше есеге асып тұр. Сондықтан бидай мен ұн тапшылығы болады деуге негіз жоқ», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Министр жоғары санатты ұнның бағасы өсуі мүмкін деген мәселеге де тоқталды.


«Қазір нарықта бидайдың бағасы арзандап жатыр. Екі-екі жарым ай бұрын бидайдың бағасы 175-180 теңгеге дейін көтерілген еді. Қазір Ресей Федерациясынан бидай экспорты ашылып, елімізге 1,2 млн тонна бидай экспортталады деген болжам болды. Өзімізде және оңтүстікте бидай жинау науқанын бітірдік. Астықты жинап алдық. Қазір солтүстік өңірлерде жаппай астық жинау науқаны басталды. Жоспарымыз дұрыс. Сондықтан бидайдың бағасы 145-150 теңгеге дейін төмендеді. Осыған қарамастан, біз «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы тарапынан арзандатылған бидайды өңірлерге жіберіп жатырмыз. Ол әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан жағдай тұрақты. Қазір нарықтың динамикасына қарағанда бидай мен ұнның бағасы сәл төмендейді деп болжам жасап отырмыз. Сондықтан Қазақстандағы бидайдың қоры жеткілікті. Ұнсыз қалмаймыз», - деді Ербол Қарашөкеев.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бидай қоры #ұн #минсистр болжамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);