Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы банктердің бір жылдық таза пайдасы 1...

Қазақстандағы банктердің бір жылдық таза пайдасы 1,5 трлн теңгені құрады

Әлеумет 28.03.2023, 09:30 853
Қазақстандағы банктердің бір жылдық таза пайдасы 1,5 трлн теңгені құрады
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның банк секторы 2022 жылы орнықтылығын көрсетті


Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның 6 банкі мен ірі микроқаржы ұйымының рейтингтерін растады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның алты банкі мен ірі микроқаржы ұйымының рейтингтерін растады.



«Өңірде макроэкономикалық және геосаяси тәуекелдердің шиеленісуіне қарамастан, Қазақстанның банк секторы 2022 жылы орнықтылығын көрсетті», - деп атап өтілген S&P Global Ratings хабарламасында.



Тұтастай алғанда, S&P деректері бойынша, экономикалық циклдарда активтердің сапасын неғұрлым саралап басқару кезінде банк жүйесінің тұрақтылығы көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалды. Кредиттер бойынша ықтимал шығындарға арналған резервтерді қалыптастыруға арналған шығыстар және Қазақстан банк секторының проблемалық кредиттерінің үлесі 2015-2020 жылдары байқалған деңгейден едәуір төмен болып қалуда және активтер сапасының көрсеткіштері тұрақты болып қалады деп күтілуде.


Қазақстанның банк секторының елдік және салалық тәуекелдерінің бағасы (Banking Industry Country Risk Assessment, BICRA) да «9»-дан «8»-ге жақсартылды және өз қызметін негізінен Қазақстанда жүзеге асыратын банктер рейтингінің базалық деңгейі «b+»-тен «bb-»-ке дейін көтерілді.


Нәтижесінде мына ұйымдардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері расталды:


«Қазақстан Халық банкі» АҚ «BВ+/B» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты»;


«Kaspi Bank» АҚ «ВВ/В» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты»;


«Банк ЦентрКредит» АҚ «В+/В» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты»;


«ForteBank» АҚ «ВВ-/В» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты»;


«Нұрбанк» АҚ «В-/В» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты»;


«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ «В/В» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты»;


Сондай-ақ «ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС «В-/В» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты».


Агенттіктің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанның банк секторының таза пайдасы 1,5 трлн теңгені (3,2 млрд АҚШ доллары) құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #пайда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.