Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа Конституция күні ретінде алдағы референдум өтетін күн - 15 наурыз белгіленуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол бүгін Парламенттің Жоғарғы палатасының кулуарында журналистерге мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Әшімбаевтың айтуынша, өтпелі ережелерге сәйкес жаңа мереке күні Конституция қабылданған күн болып белгіленеді.
Білуімше, "қабылданған күн" деп көрсетілген. Қабылданған күн мен күшіне енген күн - екі бөлек нәрсе. Сондықтан, өтпелі ережелер жобасына қарасақ, әңгіме Конституцияның қабылданған күні туралы болып отыр. Қабылданған күн - 15 наурыз", - деді ол журналистер сұрағына жауап беріп.