AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанда заң қабылдаудың жаңа тәртібі 2023 жылы...

Қазақстанда заң қабылдаудың жаңа тәртібі 2023 жылы енгізіледі

Саясат 09.06.2022, 11:33 2,087
Қазақстанда заң қабылдаудың жаңа тәртібі 2023 жылы енгізіледі
Сурет: Astana.zagranitsa.com

1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Оның айтуынша, елімізде заң қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Яғни, алдағы уақытта құқықтық нормаларды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.


Бұл жаңашылдық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 61-бапқа сәйкес, бұл конституциялық заң жобаларын да, жай заң жобаларын да қабылдау рәсіміне қатысты болады.



«Лауазымды адамдарға өкілеттіктер беруді белгілейтін ҚР Конституциясының нормалары – егер ҚР конституциясында басқасы көзделмесе, осы лауазымды адамдар өкілеттігі мерзімінің аяқталуына немесе өкілеттіктерінің толық тоқтауына қарай қолданысқа енгізіледі. Мысалы, Сенаттағы Президент тағайындайтын 15 депутат мерзімі аяқталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды. Сондай-ақ Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата нормаларына келетін болсақ, Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық кеңес пен Есеп комитеті өз жұмысын жалғастырады», – деді Әділет вице-министрі.



Еске сала кетсек, сәуір айында Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов енді заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болатынын хабарлаған еді. Ал бұған дейін заң жобасы төменгі палатада мақұлданып, сосын Сенат қарап қабылдайтын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #заң #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);