AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылды

Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылды

Әлеумет 23.06.2022, 11:06 1,059
Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылды
Сурет: 2cad.ru

Аталмыш қызмет 15 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. 


Елімізде ұлттық геологиялық қызмет мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілісте өткен геология саласын дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қазір Цифрлық даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану саласы бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе «Kaznedra» платформасын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бірыңғай платформа барлық процесті бір терезе арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетеді. Бүгінде аталған жобаны іске асыру бойынша жол картасы Үкімет қарауына енгізілді. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазгеоақпарат» және «Қазгеология» базасында ұлттық геологиялық қызмет құрылды», - деді Серікқали Брекешев Мәжіліс қабырғасында баяндама жасай отырып.



Министрдің айтуынша, ұлттық геологиялық қызмет 15 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті.



«Жалпы геология саласын мемлекеттік тұрғыдан реттеуде жетекші елдерде (Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Корея және тағы басқа) ұлттық геологиялық қызмет табысты жұмыс атқарып келеді. Аталған қызметі салаға қатысты барлық ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық қызметті енгізу аясында минералдық ресурстардың ұлттық деректер базасын пайдалану, геология саласына қатысты ақпаратты жүйелеп, талдау арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетпекпіз», - дейді ол.



Бұған дейін хабарлағанымыздай, геология саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #геология #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);