конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда учаскелік инспекторлардың жұмыс істеу...

Қазақстанда учаскелік инспекторлардың жұмыс істеу ережесі өзгерді

Әлеумет 27.06.2022, 11:13 1,223
Қазақстанда учаскелік инспекторлардың жұмыс істеу ережесі өзгерді
Сурет: 24.kz

Азаматтарды онлайн-қабылдауды өткізуге жол беріледі.


ҚР ІІМ учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


Құжатқа сәйкес, лауазымға тағайындалған сәттен бастап бір ай ішінде учаскелік инспектор өзінің әкімшілік учаскесін пәтерлерді (аулаларды) аралап, алынған ақпаратты әкімшілік учаскенің электрондық паспортына енгізуі тиіс.


Учаскелік инспекторлардың азаматтарды қабылдауы учаскелік полиция пунктінде сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүзеге асырылады, сондай-ақ жұмыс күні ішінде азаматтарды онлайн-қабылдауды өткізуге жол беріледі.


Учаскелік полиция инспекторы мен оның көмекшісінің жұмыс уақытының ұзақтығы ҚР Ішкі істер органдарында қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес белгіленеді, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген сегіз сағаттан аспайды.


Қажет болған жағдайда олар белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қызметтік міндеттерін орындауға тартылуы мүмкін.


Учаскелік полиция инспекторының міндетіне мыналар кіреді:


Рецидивті, тұрмыстық, алкоголь қылмысы құқықбұзушылықтарының алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;


Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарға қатысты құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы;


Сеніп тапсырылған әкімшілік учаскеде оның ерекшеліктерімен танысу, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, азаматтарға көмек көрсету және құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу арқылы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;


Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізу;


Денсаулық сақтау органдарына, ұйымдар мен кәсіпорындарға сұрау салу;


Іс жүргізудегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сараптама тағайындау туралы қаулыларға қол қою және оларды жіберу;


Полицияның кешенді күштерінің нарядтарымен өзара іс-қимыл жасау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #азамат #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);