AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндег...

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі

Әлеумет 23.11.2021, 05:17 1,429
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
inbusiness.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі қаралды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады.



Тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы заңнамаға түзетулер енгізілді, Үкімет жанынан ведомствоаралық кеңес құрылды және тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «бір терезе» – e-tutynushy қағидаты бойынша тұтынушылардың өтінішін қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді.



Жыл сайын тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерінің саны артуда. Мәселен, Сауда және интеграция министрлігі 2019 жылы 6 мыңға жуық, 2020 жылы – 20 мыңнан астам, осы жылдың 10 айында – 21 мыңнан астам өтінішті қарады.


Тұтынушыларды ТКШ, бөлшек сауда, медициналық, туристік қызметтер, байланыс және көлік салалары алаңдатады. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның жаңа редакциясының жобасы Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізуді көздейді.



«Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру адал және бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың индикаторы болып табылатын тұтынушылардың құқығын қорғау деңгейін арттырумен тығыз байланысты. Өз құқықтарына сенімді тұтынушылар сапалы тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге белсенді сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл экономиканың дамуына ықпал етеді», — деді А. Мамин.



Интернет-сауда саласында тұтынушылардың құқығының бұзылуына жол бермеу мақсатында Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін электрондық сауда сегментінде құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.


Премьер-Министр 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «е-tutynushy» жүйесін азаматтардың өтініштерін жүйелеу және мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет ету үшін бірқатар мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен біріктіруді тапсырды.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауда министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды күшейту және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру тапсырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тұтынушы #обудсмен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);