ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тростық жол қоршауларын енгізу тәжіриб...

Қазақстанда тростық жол қоршауларын енгізу тәжірибесі кеңейтілуі мүмкін

Әлеумет 11.02.2026, 14:10 91
Қазақстанда тростық жол қоршауларын енгізу тәжірибесі кеңейтілуі мүмкін
Сурет: Gov.kz
Қазақстандағы ең көп қар басатын автожолдардың бірі - «Астана-Алматы» KAZ01 учаскелерінің бірінде екінші жыл қатарынан тростық  жол қоршауларын апробация өткізу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды...

Қазақстандағы ең көп қар басатын автожолдардың бірі - «Астана-Алматы» KAZ01 учаскелерінің бірінде екінші жыл қатарынан тростық  жол қоршауларын апробация өткізу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап.

 Жұмыстар «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының» («ҚазжолҒЗИ») ғылыми-техникалық жетекшілігімен жүргізілуде. Институт мамандары эксплуатация барысындағы қоршаулардың техникалық жай-күйі мен тиімділігіне жүйелі мониторинг жүргізуде.

Ұзындығы 500 метрге жуық тәжірибелік-эксперименттік учаске Теміртау қаласының маңында орналасқан. Тросты қоршаулар орталық бөлу жолағында және жол жиегінде орнатылған. Технологияның негізгі міндеті - көлік құралдарының қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуын болдырмау және бетпе-бет соқтығысу қаупін азайту.

Тросты қоршаулардың дәстүрлі металл конструкциялардан айырмашылығы – қардың жолдың жиектерінде жиналып, қар көшкінінің пайда болуына ықпал етпейді: бұл қыс мезгіліндегі күрделі автожолдардың учаскелері үшін маңызды.

Конструкцияның тиімділігі автомобиль жолының тәжірибелік учаскісінде тіркелген жол-көлік оқиғасы барысында анықталды. 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік тросты тосқауылға соғылды. Нәтижесінде трос өзіне барлық соққыны және кинетикалық энергияның едәуір бөлігін қабылдап, көліктің қарсы жолға шығуын алдын алды: осылайша оқыс оқиғаның ықтимал салдарын барынша азайта алды.

Мониторинг нәтижелерін және эксплуатацияның оң көрсеткіштерін ескере отырып, ағымдағы жылы басқа да автомобиль жолдарында тростық жол қоршауларын қолдану жоспарлануда. Нақты шешім көрсеткіштерді талдау және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары негізінде қабылданатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.