AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүм...

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

Әлеумет 18.01.2023, 15:33 1,086 Almaty-akshamy
Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін
Сурет: Ашық дереккөз

Еңбекке уақытша жарамсыздық үшін төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды


Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс уақытын таңдап, еңбек етсе, айлығы өзгермейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Сол қалпы қалады. Алайда мұндай графикпен мәңгі жұмыс істей алмайсыз. Яғни, қызметкер мен жұмыс беруші келісіп, бір ай 4 күннен, бір ай 6 күннен жұмыс істесе болады. Мұндай өзгеріс қашан күшіне енетіні белгісіз, бір анығы Еңбек кодексі туралы құжат Мәжіліс қарауында.



«Бес күндік жұмыс кестесінің жылдық нормасы -1960 сағат. Сәйкесінше, мына 4 күндік жұмыс аптасына көшкен кезде жылдық норма сақталады. Жалақысына тоқталатын болсақ, Еңбек кодексіне сәйкес, жалақы құны азаматтардың белгілі бір жұмысына, оның көлеміне, біліктілік талабына сайкес төленеді. Сәйкесінше, бұл жерде де жалақы сақталады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басқарма басшысы Шалқар Оразбеков.



Еңбек кодексіндегі тағы бір жаңашылдық – еңбекке уақытша жарамсыздық үшін төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Яғни, бұрын оның сомасы 45 мың теңге болса, енді шамамен 86 мың теңгеге көтерілді. Мәселен, сіз денсаулығыңызға байланысты жұмыстан 4 күн қалсаңыз, сізге 86 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.



«4 күн ол кісі жұмыста болған жоқ. Сәйкесінше, ол кісі сол айдағы жалақысы жалпы қалыпты алып жүрген жалақысынан сәл төмендеу болуы мүмкін. Бірақ жұмысқа жарамсыз қағазы арқылы шығынды толықтырады», – деді Шалқар Оразбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#4 күн #жұмыс #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);