Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда TikTok-тың бизнеске арналған платформ...

Қазақстанда TikTok-тың бизнеске арналған платформасы таныстырылды

Әлеумет 16.06.2022, 10:34 1,242
Қазақстанда TikTok-тың бизнеске арналған  платформасы таныстырылды
Сурет: Egemen.kz

TikTok – әлемде миллиардтан астам адам пайдаланып отырған шығармашылық және өзін-өзі көрсету, ойын-сауық және жаңалықтарға арналған бейне платформасы.


Осы TikTok біздің елімізде брендтердің шығармашылық әлеуетін ашуда және маркетингке қатысты көзқарасты қайта қарастыра отырып, TikTok For Business платформасының тұсауын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Сонымен биыл Қазақстандағы TikTok төмендегі бағыттар бойынша стратегиялық күш-жігерін жұмсауды жоспарлап отыр. Мәселен, TikTok Қазақстандағы платформа креаторларын біріктіру және оқыту үшін дарындарды дамыту бағдарламасын іске қосқан.


Оған қоса платформадағы контенттің алуан түрлілігін ынталандыратын әлеуметтік маңызы бар, танымдық және мәдени бастамаларды құру үшін мамыр айында платформа #ТикТокҚазақстандаҮйрен жобасын іске асырды. Ол қазірдің өзінде аудитория арасында танымал болды және танымдық бейнероликтердің 35 миллионнан астам қаралымын жинады.


Қазақстандағы бизнестің платформаға деген үлкен қызығушылығын көрген TikTok жергілікті компанияларға креативті және тиімді жарнама форматтары мен құралдарын меңгеруге көмектесе отырып, қоян-қолтық жұмыс істеуді қолға алмақ. Атап айтқанда, Қазақстанда IT-индустрия мен электрондық коммерцияның белсенді дамуын ескере отырып, TikTok For Business осы индустриялардың бизнесімен ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.



«TikTok for Business платформасының бір ерекшелігі – бұл бизнеске жарнамалық хабарламаларды аудиторияға жеткізумен ғана шектеліп қоймайды: пайдаланушылармен бір тілде сөйлесу арқылы брендтер олардың сенімі мен сүйіспеншілігіне ие бола алады. Біз бизнеске олардың міндеттерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін шешімдерді табуға көмектесеміз. TikTok for Business құралдарының кең жиынтығы кез келген мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді: жаңа өнімді нарыққа шығарудан бастап сатылымды арттыруға дейін. Біз қазақстандық компанияларға TikTok мүмкіндіктерін ашуға және бізбен серіктестікте өз бизнесінің көрсеткіштерін арттыруға көмектескіміз келеді», - дейді Global Business Solutions, Шығыс Еуропадағы TikTok Бас директоры Анастасия Панина.



Осы арада TikTok For Business ықпалының арқасында компаниялар жарнамаға деген көзқарасын қайта қарастырып отырғанын айта кеткен жөн. Пайдаланушылар дәстүрлі жарнамадан жалыққан және үрдістерді ұстанатын, шығаратын және эксперимент жасаудан, шынайы және ерекше болудан қорықпайтын компанияларды бағалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#TikTok #Әлеуметтік желі #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.