AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда теміржол билеттерін онлайн сатып алушы...

Қазақстанда теміржол билеттерін онлайн сатып алушылар саны артты

Әлеумет 18.05.2022, 09:23 1,102
Қазақстанда теміржол билеттерін онлайн сатып алушылар саны артты
Сурет: Rg.ru

Интернет арқылы билет алушылардың көрсеткіші 70% жеткен.


Темір жол билеттерін интернет арқылы алатын қазақстандықтар саны артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бүгінгі таңда қазақстандықтар теміржол билеттерінің 70 пайызын интернет арқылы сатып алады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артқан. Жол жүру құжаттарының онлайн-сатылымы, әсіресе карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін айтарлықтай өскен»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Айта кетерлігі, 2019 жылғы шілде айынан бастап ұлттық тасымалдаушы компания теміржол билеттерін сатуды толығымен «Мобиус» электронды жүйесіне ауыстырды. Бұл бастама өз кезегінде өткізу арналарын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беріп, азаматтар үшін билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға әсер етті.


Қазіргі күнде жол жүру құжаттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі билет кассалары (164 касса (оңтайландыруды ескере отырып), 3 мың касса агенттіктері мен пошта бөлімшелері, 15 интернет сайт пен мобильдік қосымшалар (оның ішінде bilet.railways.kz сайты мен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасы) және 30 мың өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы сатылымға шығарылады.


Сонымен қатар бірнеше рет бір үлгіде сұрау салу (орын ұстау мақсатында) кезінде жүйені пайдаланушыны бұғаттау есебінен жүйелі түрде билеттерді қайта сату фактілерін сондай-ақ тұтынушыға брондалған орындар фактісі туралы sms-хабарламаны растай отырып, «Күту парағы» бойынша кезектілік тәртібімен жол жүру құжаттарын сатып алуға тосқауыл қою мақсатында кешенді шаралар қабылданды.


2022 жылдың алғашқы төрт айында «Күту парағы» қызметі арқылы 18 мыңнан астам билет рәсімделген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#билет #интернет #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);