ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұй...

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы әзірленуде

Әлеумет 26.06.2025, 17:34 690
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы әзірленуде
aqshamnews.kz
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру бойынша ақпараттық картаны әзірлеуде. Бұл платформа еліміздегі колледждер туралы...

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру бойынша ақпараттық картаны әзірлеуде. Бұл платформа еліміздегі колледждер туралы кешенді және өзекті ақпаратты бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта шоғырландырады.

Интерактивті карта пайдаланушыға қажетті өңірді тез табуға және аймақтағы колледждер, студенттер мен оқытушылардың саны, жатақханалар, спорт залдары және басқа да нысандар, даярлау бағыттары мен мамандықтар тізімі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Платформада аймақтар, аудандар, нақты колледждер мен білім беру бағдарламалары бойынша икемді іріктеу жүйесі қарастырылған.

«Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел аумағы бойынша деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта қолжетімді. Пилоттық іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.

Жүйе «Talap» КЕАҚ ресми сайтында және map.talap.edu.kz/map мекенжайы бойынша қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.