AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде

Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде

Әлеумет 13.12.2024, 12:14 1,131 dulatbekova
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Сурет: Proverili.ru

Ол су тасқынын болжауға және модельдеуге мүмкіндік бермек. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде су тасқынын болжауға және модельдеуге арналған «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде. Жүйе төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдар жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz cала министрлігіне сілтеме жасап. 

Ақпараттық жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жасап жатыр.

Бүгінгі таңда су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Әдістеме бойынша уәкілетті органдар ақпараттық жүйеге су қоймаларындағы су деңгейі, су жіберу көлемі, гидрометео болжам сынды мәліметтерді енгізеді. Жинақталған деректер негізінде жүйе су тасқынының ықтимал сценарийлерін модельдейді.

«Tasqyn» ақпараттық жүйесін осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі жедел су бөлуді жүзеге асыру үшін және су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерінің су ресурстарын пайдалану режимдеріне талдау және түзету мақсатында жедел және болжамды су шаруашылығы балансы есебін регламенттейді. Айта кету керек, су шығынын болжау - гидротехникалық құрылыстардан су жіберуді реттеу және қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайда қоршаған ортаға жүктемені азайту бойынша шұғыл іс-шараларды қабылдау үшін аса маңызды»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Tasqyn» #ақпараттық жүйе #әзірлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);