Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда такси жүргізушісіне қойылатын талаптар...

Қазақстанда такси жүргізушісіне қойылатын талаптар өзгереді

Әлеумет 01.06.2023, 04:59 1,029
Қазақстанда такси жүргізушісіне қойылатын талаптар өзгереді
Сурет: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы мен Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 






Бұйрықтың жаңартылған нұсқасында «таксимен тасымалдаушы» бөлігі толыққан. Атап айтқанда, енді ол жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болуы мүмкін.


Айта кетейік, қолданыстағы бұйрықта «таксимен тасымалдаушылар» қатарына жеке тұлғалар енбейтін.


Сонымен бірге, мұндай санаттағы такси жүргізушілері қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауға міндеттеледі.



«Қызметті көрсетуді бастағанға дейін интернет-платформаларды және платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында.



Егер құжаттар талапқа сәйкес келген жағдайда ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, онымен еңбек шарты жасалып, кейін жүргізушіге жеңіл таксиді басқаруға рұқсат беріледі. Алайда, такси қызметін көрсетуге ниетті жүргізушінің жеке көлігі болмаса, онда оған кәсіпкер немесе заңды тұлға жеңіл темір тұлпар ұсынады.



«Жеке тұлғаға дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеңіл автомобиль ұсынады. Жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі», - делінген жаңа редакцияда.



Бұйрықты ашық талқылау 9 маусымға дейін жалғасады.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #Талап #бұйрық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.