ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тағы бір жаңа қант зауыты салынады

Қазақстанда тағы бір жаңа қант зауыты салынады

Әлеумет 06.12.2022, 11:26 980
Қазақстанда тағы бір жаңа қант зауыты салынады
Сурет: Kazpravda.kz
Зауыт Ақтөбе облысында салынады.

Зауыт Ақтөбе облысында салынады.


6 желтоқсанда Астанада өткен «Investment Aktobe-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Omtis Ortadoğu Makina компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Гүлтекин қант зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толықтыру жөніндегі тапсырмасы аясында Батыс Қазақстанда қант қызылшасынан түйіршіктелген ақ қант өндіру бойынша ірі жоба жүзеге асырылмақ.


Қант зауытының құрылысы - Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі, өйткені, еліміздің, атап айтқанда, Ақтөбе облысының нарығы импортқа тәуелді.


Күрделі инженерлік жобаларды салуда үлкен тәжірибесі бар Omtis Ortadoğu Makina 550 миллион АҚШ долларын инвестициялауға дайын. Зауыттың қуаттылығы жылына 330 мың тоннаны құрайды. 180 жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, форумға 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, шетелдік және отандық ірі бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.


Халықаралық шара өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, сондай-ақ Ақтөбе облысының экономикасына ішкі және шетелдік инвестициялардың ағынын одан әрі тарту мақсатында ұйымдастырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.