AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда Skoda зауыты ашылуы мүмкін

Қазақстанда Skoda зауыты ашылуы мүмкін

Әлеумет 16.11.2022, 05:01 1,186
Қазақстанда Skoda зауыты ашылуы мүмкін
Сурет: Vesti.dp.ua

Кәсіпорын Skoda Holding-тің құрамына кіреді.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов Skoda Transportation компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дидье Пфлегермен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.


Тараптар республикада теміржол және қалалық қоғамдық көлік шығару, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады.


Премьер-Министр инвесторлар үшін түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылғанын ескере отырып, компанияның елімізде нақты жобаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді. Осы орайда ол локализациясы жоғары және толық циклді өндіріс ашу мәселесін қарастыруды ұсынды.



«Қазақстан Үкіметі машина жасау саласына ерекше көңіл бөледі, сондықтан біз шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға қазақстандық машина жасау кәсіпорындарын тартуға болады деп санаймыз», - деді Әлихан Смайылов.



Ол Skoda Transportation компаниясымен өзара тиімді ықпалдастықты пысықтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.


Өз кезегінде Дидье Пфлегер компания жаңа нарықтарды бағындыруға дайын екенін, сондықтан өз өндірістерін орналастыру және дамыту үшін Қазақстанды перспективті серіктес ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді жобаларды әзірлеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру жөнінде келісті.


Чехиялық Skoda Transportation машина жасау компаниясы – әр түрлі көлік түрлерін, оның ішінде метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары, электр пойыздары мен электр автобустарын шығаратын жетекші еуропалық өндірушілердің бірі. Кәсіпорын Skoda Holding-тің құрамына кіреді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шкода #зауыт #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);