AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтерінің м...

Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтерінің мол қоры табылды

Әлем 12.04.2025, 15:42 959 dulatbekova
 Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтерінің мол қоры табылды
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстанда сирек кездесетін жер металдарының мол қоры табылды. 

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Еуропалық Одақ – Орталық Азия саммиті қарсаңында Қазақстан сирек жер элементтерінің ірі кен орны табылғанын жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қарағанды маңында көлемі 20 миллион тоннаға жуықтайтын сирек кездесетін жер элементтерінің ірі кен орны анықталды. Бұл қор әлем бойынша үшінші орынға ие болуы мүмкін. Қосымша барлау жұмыстары қажет.

"Жаңа Қазақстан" атауын алған кен орны смартфондар, цифрлық камералар мен компьютердің қатқыл дискілері сияқты құрылғылардың құрамында қолданылатын церий, лантан, неодим және иттрий элементтерінен тұратын шамамен 1 миллион тонна сирек жер металдарын қамтиды.

"Аумақта төрт келешегі зор учаске анықталды, олардың жалпы сирекжер элементтерінің қоры 935 400 тоннаға бағаланып отыр", – делінген индустрия және құрылыс министрлігінің хабарламасында.

Алдын ала бағалаулар бойынша, "Жаңа Қазақстан" учаскесіндегі жалпы қор 300 метр тереңдікте орналасқан, бір тоннада орташа 700 грамм сирек жер элементтері бар.

Егер бұл мәліметтер расталса, Қазақстан сирек жер металдарының қоры бойынша әлемдегі жетекші үш елдің қатарына енеді.

Алайда сарапшылар сақ болуға шақырады.

Тау-кен өнеркәсібі бойынша тәуелсіз сарапшылардың кәсіби қауымдастығы (PONEN) атқарушы комитетінің төрағасы Георгий Фрейманның айтуынша, бұл әлі бастапқы кезеңде тұр.

"Мұны нақты кен орны деп атау үшін ең алдымен аумақтағы барлық элементтер толық зерттелуі тиіс", – деді ол.

Сарапшы қосымша барлау жұмыстарын жүргізудің қажеттігін атап өтті

"Гидрогеологияны, геомеханиканы зерттеу, сондай-ақ қазбаның тиімділігін, оларды қандай формада өндіруге болатынын бағалау қажет. Нарықтық жағдайды, тиісті салалардың қажеттіліктерін ескере отырып, экономикалық баға беру керек. Осы факторлардың барлығы талданып, экономикалық модель жасалған жағдайда ғана оны кен орны деп атауға болады. Бұлай болмаса, бұл тек жорамал күйінде қалады", – дейді Фрейман.

Аталған учаскеде барлау жұмыстары 2022 жылы басталып, оның нәтижелері 2024 жылдың қазан айында Қазақстан үкіметіне ұсынылған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңалықтың Еуроодақ – Орталық Азия саммитінің қарсаңында жариялануы стратегиялық мәнге ие.

Саммит барысында Еуроодақ Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеп, 2025–2026 жылдарға арналған жаңа Жол картасын мақұлдады. Құжатта "геологиялық барлау, зерттеу және инновация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту" көзделген.

"Бұл мәлімдеме өте сәтті уақытта жасалды, себебі ол Қазақстанның стратегиялық шикізат жөніндегі жаһандық пікірталастардағы рөлін арттырды. Меніңше, олар Қазақстанды Еуроодақ картасына нақты орналастыра алды. Ол сонымен қатар Қазақстанда сирекжер элементтерін өндіру әлі де бірқатар қиындықтармен байланысты екенін атап өтті", – деді Қазақстандағы ЕО елшісі Алешка Симкич.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сирек кездесетін #металл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);