AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосыл...

Қазақстанда шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады

Экономика 13.06.2025, 12:28 1,036
Қазақстанда шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады
Cурет: Gov.kz

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған стратегиясының аясында шағын өнеркәсіптік аймақтарды (ШӨА) құру бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.

Бұл — шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралы, кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттарды жеңілдетілген жалдау шарттарымен ұсынуға негізделген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ШӨА нысандары қажетті инженерлік желілермен және көлікке ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайлар жаңа жобаларды іске қосудағы кедергілерді азайтып, болашақта кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту дирекциясы деректері бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Түркістан облысында жалпы аумағы 19 мың шаршы метр болатын 12 шағын өндірістік аймақ іске қосылады деп күтілуде. Жыл соңына дейін өңірлерде тағы 19 осындай аймақты ашу жоспарланып отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанында үш аймақ ашылады.

Жаңа бағдарламаға сәйкес шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үш бағытта жүзеге асады: жаңа өндірістік ғимараттар салу, бос тұрған өндіріс нысандарын қайта жаңғырту (Ready built factory үлгісі бойынша) және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту.

Бағдарлама бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға бағытталған. Шағын өнеркәсіптік аймақтар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың аумағында да, одан тыс жерлерде де құрылуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлерге өз ісін бастауға немесе кеңейтуге қосымша мүмкіндік береді.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мәліметінше, инвесторлар тарапынан барлығы еліміздің сегіз өңірінде 34 шағын өнеркәсіптік аймақ құру жобасын жүзеге асыруда. Мұндай аймақтар Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында құрылмақ. Бұл өнеркәсіптік аймақтардың жалпы аумағы шамамен 265 мың шаршы метрді құрайды

Бағдарламаны жүзеге асыру бизнеске арналған дайын ғимараттардың тапшылығы мәселесін шешуге жол ашады. Шағын өнеркәсіптік аймақтар индустрияландыру мен экономиканың өсуіне серпін беріп, кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігіне айналып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #шағын өнеркәсіптік аймақтар #іске қосу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);