Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қыздарға қарағанда ұлдар көп туылуда

Қазақстанда қыздарға қарағанда ұлдар көп туылуда

Әлеумет 30.11.2024, 16:45 783
Қазақстанда қыздарға қарағанда ұлдар көп туылуда
Cурет: ЖИ көмегімен салынды

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда ұлдар мен қыздар арасындағы туу статистикасында өзгерістер байқалуда. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында ұлдардың саны қыздарға қарағанда 10 мыңға көп болды. Осылайша, Қазақстанда ұлдар қыздарға қарағанда көбірек туылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2024 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін республика бойынша 278 698 нәресте дүниеге келді, олардың 144 015-і ұл болса, ал 134 683-і қыз болған. Бұл деректер бойынша, Қазақстанда 100 қызға 105 ұл сәйкес келеді дегенді білдіреді. Толықтырсақ, биыл бес мыңнан астам егіздер мен жүзге жуық үшемдер дүниеге келген.

Демографиялық сарапшылардың айтуынша, ұлдардың санының көп болуы, ең алдымен, биологиялық факторларға байланысты болса да, әлеуметтік мәселелер де маңызды рөл атқарады. Статистика бойынша, Қазақстанның Түркістан, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы туылған балалар саны бойынша көш бастап тұр.

Сонымен қатар, сарапшылар ер адамдардың жастарының өсуіне байланысты кәрілік кезеңіне жақындағанда әйелдерге қарағанда өлім көрсеткіші жоғары екенін атап өтті.

"40 жастан асқан ер адамдар арасында өлім деңгейі қыздарға қарағанда жоғары. Бұл әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, рак аурулары, жол-көлік оқиғалары, өзін-өзі өлтіру және кісі өлтіру жағдайларына байланысты", – деп түсіндірді ҚР Ұлттық статистика бюросының маманы Бибігүл Мирасбек.

Қазақстандағы ер адамдардың өлімінің жоғары деңгейі олардың денсаулығына қатысты бірқатар мәселелерді, соның ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктерді қамтиды. Бұл әлеуметтік жағдайлар мен саламатты өмір салтының маңыздылығын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәби #ұл #қыз #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.