AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Әлеумет Бүгін 16:32 41
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайып, 7 812,3 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өсім ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 14,7%-ға артуына байланысты болды. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде жеке құрылыс ұйымдарының үлесі 89%, шетелдік ұйымдардың үлесі 10,3%, мемлекеттік ұйымдардың үлесі 0,7% құрады.

Есепті мерзімде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25%), тұрғын емес ғимараттар (21,5%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.

Өңірлік бөліністе республиканың 17 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында (2,4 есе), Қызылорда облысында (31,5%), Шымкент қаласында (25,4%), Атырау облысында (22,2%), Павлодар облысында (18,8%), Алматы қаласында (18,1%), Түркістан облысында (17%), Шығыс Қазақстан облысында (15,2%), Ақтөбе облысында (12,3%), Абай облысында (11,5%), Алматы облысында (11%) және Астана қаласында (11,1%) тіркелді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 16 348,9 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,7%-ға ұлғайып, 13 197,7 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде 8561,5мың шаршы метр – көп пәтерлі және 4 592,2мың шаршы метр – жеке үйлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрылыс жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

Бүгін 16:28

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 15:52

Алматыда кітап алуға келген тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды

Бүгін 15:44

Алматыдағы Аймауытов көшесінде жаңа серуендеу аймағы көркейтілді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);