AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңарты...

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

Алматы Бүгін 16:28 41
Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданын жұмыс сапары барысында аралап, «Алматы Тазалық» МКК-нің жаңартылған өндірістік базасына барды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы арнайы техникаларды қарап, қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысып, кәсіпорын ұжымымен кездесті.

Аумағы 2 гектар болатын өндірістік база Байсұлтанов көшесінде орналасқан. Мұнда 352 адам еңбек етеді және 66 арнайы техника, оның ішінде жолға қызмет көрсететін 14 әмбебап машина бар.

Кәсіпорын аумағында 12,5 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны төселіп, көктайғаққа қарсы материалдарды сақтауға арналған алаң жабдықталды. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, базаның инфрақұрылымы жаңартылды.

Қызметкерлермен кездесуде Дархан Сатыбалды коммуналдық қызметтердің сапалы жұмысы жұмысшылардың еңбек жағдайына тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасауымыз керек. Қажетті жағдай жасалмаса, жұмысты сапалы орындауды қалай талап етеміз? Ең алдымен, қаламыздың тазалығын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген адамдардың еңбегін құрметтеуіміз қажет», – деді қала әкімі.

Кездесу барысында қала көшелерін күтіп ұстау, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру және коммуналдық қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударылды.

«Тазалық бірінші орында тұруы керек. Тазалық, тәртіп пен көркейту қаланың жалпы келбетін қалыптастырады. Басқа елге немесе қалаға барғанда, ең алдымен, оның қаншалықты таза екеніне назар аударамыз. Бұл қоршаған ортаны қалай қабылдайтынымызға және оған деген көзқарасымызға әсер етеді. Тазалық жоқ жерде тәртіп те болмайды. Сондықтан бұл жұмыс тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Алматыны ретке келтіру міндетін қойғанын да жеткізді. Осыған байланысты қаланы көркейту және тазалық сақтау жұмыстары жалғасады. Ал коммуналдық қызметтер бұл міндеттердің жүйелі әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Қазіргі таңда «Алматы Тазалық» кәсіпорнының автопаркінде 1 017 техника бар. Қысқы тазалық жұмыстарына 830 техника қарастырылған. Оның ішінде жыл бойы пайдаланылатын 700 машина және қысқы жұмыстарға арналған 130 арнайы техника бар. Ал қалған 187 техника жаз мезгілінде қолданылады.

Биыл кәсіпорын қосымша 200 арнайы техника сатып алып жатыр. Соның нәтижесінде автопарк құрамындағы техниканың жалпы саны 1 217-ге жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Бүгін 16:32

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 15:52

Алматыда кітап алуға келген тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды

Бүгін 15:44

Алматыдағы Аймауытов көшесінде жаңа серуендеу аймағы көркейтілді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);