AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы жеткілікті

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы жеткілікті

Әлеумет 20.04.2022, 06:37 1,078
Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы жеткілікті
almaty-akshamy.kz

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин ішкі нарықты қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету шараларын айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Қолма-қол шетел валютасына қатысты ішкі нарықтағы жағдай қалыпқа келтірілді. Халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін қолма-қол шетел валюталары жеткізілді. Екінші деңгейлі банктерде өтімді валюталық активтер көлемі жеткілікті», - деді В.Тутушкин Мәжілістің жалпы отырысында.



Оның айтуынша, Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасы нарығында алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау үшін айырбас пунктері арқылы шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін кеңейтті.



«Мемлекет басшысының ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз ету, капиталды әкетуге жол бермеу тапсырмасын орындау үшін трансшекаралық қаржы операцияларын бақылау шаралары күшейтілді. Қабылданған шараларға байланысты, ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақталып келеді. Қазіргі уақытта жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңгерімде екенін көрсетеді. Шаралар кешені айырбас бағамына және кейіннен инфляцияға қысымды төмендетіп, теңгедегі активтерді қолдауға көмектеседі», - деді Виталий Тутушкин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #валюта #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);