AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға а...

Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады

Медицина 27.12.2024, 20:28 1,295
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Ядролық медицина орталығы

2024 жылы Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығаруды жолға қойған ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығы маңызды жетістікке қол жеткізді.

Бұл препараттар ПЭТ/КТ диагностикасы үшін әзірленген және еліміздегі онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға үлкен мүмкіндіктер ашады. 2025 жылы тағы екі жаңа радиофармпрепаратты өндіріске енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ядролық медицина орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова атап өткендей, 2024 жыл Орталық үшін ерекше жыл болды. Осы жыл ішінде радиоизотоптық зерттеулер көлемі едәуір артты, 12 мыңнан астам талдау жасалды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 40% көп. Жаңа технологиялар мен инновациялық препараттар қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда алғаш рет үш бірегей радиофармпрепарат шығарылды. Атап айтқанда 18F-FDG, 18F-FAT, және 68GA-API препараттары. Бұл препараттар дәрігерлерге басқа әдістермен байқалуы қиын ісіктерді көруге көмектеседі. Сонымен жеке-жеке тоқталсақ:

  • 18F-FDG препараты ағзадағы қатерлі ісік жасушаларын анықтауға және процестің қаншалықты белсенді жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді.
  • 18F-FAT препараты мидағы ісіктерді анықтауға арналған.
  • 68GA-API препараты бауыр, өкпе, ұйқы безі, асқазан және басқа ішкі органдардағы ісіктерді анықтауға көмектеседі.

Айгүл Сәдуақасова атап өткендей, бұл препараттар науқастардың жағдайын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Қарапайым жағдайларда диагноз қою қиын ісіктерді анықтау мүмкіндігі медицинаның жаңа кезеңіне көшуін көрсетеді. Сонымен қатар, препараттардың денеден тез шығып кетуі пациенттер үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.

Орталықтың тағы бір жетістігі – «Самария» тераностикалық препаратының енгізілуі. «Тераностика» термині «терапия» және «диагностика» сөздерінен құралған және ол бір изотоппен диагноз қойып, емдеуге мүмкіндік береді. Бұл технология әлемде қарқынды дамып келе жатқан бағыт болып табылады және Қазақстанда да осы саланы дамытуға үлкен мән беріледі.

Орталық жаңа технологияларды енгізу мен ғылыми ынтымақтастықты күшейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Алдағы уақытта 18F-PSMA және 68Ga-PSMA препараттарын енгізу жоспарлануда. Бұл препараттар ерлер арасындағы онкологиямен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, Ядролық медицина орталығы 18F-FDG радиофармацевтикалық препаратын тіркеуді аяқтады, бұл препаратты басқа медициналық ұйымдарға сатуға дайын.

2022 жылы ашылған Ядролық медицина орталығы халықаралық GMP стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін бірегей мекеме болып табылады. Орталық қатерлі ісік ауруларын анықтаудың жаңа жолдарын ашып, Қазақстандағы ядролық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ядролық медицина #қатерлі ісік #препарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);