Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қандастар жаңа алгоритм бойынша виза а...

Қазақстанда қандастар жаңа алгоритм бойынша виза ала бастады

Әлеумет 09.09.2022, 04:27 1,575
Қазақстанда қандастар жаңа алгоритм бойынша виза ала бастады
Сурет: Kapital.kz

Жалпы, жыл басынан бері 11 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды.


Қазақстан Үкіметі тарихи отанына оралғысы келген қазақтарға жаңа алгоритм бойынша виза бере бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан аумағында қандастарды тиімді қоныстандыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикаға визалық режимдегі елдерден келген қандастарды қабылдау, қоныстандыру және бейімдеу бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қадамдық алгоритмін әзірледі.Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, осы алгоритмге сәйкес, Түрікменстаннан келген 741 этникалық қазаққа тұрақты тұру үшін нақты өңірді көрсете отырып, тиісті визалар берілді», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бүгінгі күні Түркіменстаннан келген 666 этникалық қазақ жоғарыда көрсетілген визалар негізінде мемлекеттік шекарадан өтті, оның ішінде 59 адам Павлодар облысына келді, 162 адам жұмыс күші тапшы басқа өңірлерге қоныс аударуға келісті, 45 адам Маңғыстау облысына қоныстандыру үшін өтініш берді (негіздемелері бар). Қалған этникалық қазақтар бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.


2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды.


Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% - басқа елдерден.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.


Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 59,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,1%-ды және зейнеткерлер 13,4%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3%-ы жоғары білімді, 38,9%-ы арнайы орта білімді, 47%- ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.


Естеріңізге сала кетейік, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізген кезде этникалық қазақтар субсидия түрінде мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларын алуға құқылы:


- отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы – 222,6 мың теңге);


- тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін төлем 1 жыл ішінде ай сайын төленеді. Төлем мөлшері қалаға қоныс аударған бір адам үшін 20 АЕК-тен (61,3 мың теңге) отбасы мүшелерінің саны бес және одан да болса 30 АЕК-ке (91,9 мың теңге) дейін, ауылдық жерге қоныс аударған бір адам үшін – 15 АЕК-тен (45,9 мың теңге) отбасы мүшелерінің саны бес немесе одан да көп болса 21 АЕК-ке (64,3 мың теңге) дейінгі мөлшерді құрайды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #Қазақстан #виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.