AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қандай қызметтер мен тауарлардың бағас...

Қазақстанда қандай қызметтер мен тауарлардың бағасы өсті?

Әлеумет 20.10.2021, 05:46 1,155
Қазақстанда қандай қызметтер мен тауарлардың бағасы өсті?
kitapall.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде инфляцияның өсуінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Қазақстанда инфляция тұтынушылық белсенділіктің тез қалпына келуі, экономиканы фискалдық ынталандырудың жалғасуы және жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздіктері нәтижесінде өсті», - деді Е. Досаев.



Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсуі негізгі инфляцияға қарсы фактор болды, ол жалпы инфляцияға жартысынан көп үлес қосады. Азық-түлік инфляциясы биылғы қыркүйекте уақытша және орнықты факторлардың әсерінен 11,5%-ға дейін жылдамдады.



«Осы жылғы шілде-тамызда жаз айларына тән емес және ұзақ сақталатын көкөністер (картоп, сәбіз, қызылша) бағасының соңғы жылдардағы рекорд өсуі тіркелді. Ет, өсімдік майы және қант бағасының өсуі инфляцияны жылдамдатудың тұрақты факторы болып қалуда, бұл өсу деңгейін әлемдік үрдістермен салыстыруға болады. ФАО деректеріне сәйкес, бір жылда еттің әлемдік бағасы орта есеппен 26,3%-ға, өсімдік майының бағасы – 61,2%-ға, қанттың бағасы – 53,5%-ға өсті», - деді ҰБ басшысы.



Оның сөзіне қарағанда, бірінші кезекте тұтынушылық белсенділіктің қалпына келуі аясында жанар-жағар май және ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасының өсуі нәтижесінде Қазақстанда азық-түлікке жатпайтын инфляция 7,5%-ға дейін жылдамдады.



«Ақылы қызметтер инфляциясы негізінен электр энергиясы, тұрғын үйді жалдау және көлік қызметтері бағасының өсуі есебінен 6,8%-ға дейін жылдамдады», - деді Е. Досаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #баға #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);