AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы...

Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады

Білім және ғылым 04.03.2025, 12:15 1,019
Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
Cурет: Оқу-ағарту министрлігі
Алматыда педагогикалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
 
Іс-шараның негізгі тақырыбы - білім берудің барлық деңгейлерінде педагогика саласындағы зерттеулермен айналысатын педагогикалық ғылымды дамыту орталығын құру, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы жылдары педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы ғылыми зерттеулермен айналысатын мұғалімдердің үлесі 1,6 есе өсті, ал педагогтер арасындағы магистрлер саны рекордтық 27,9 мың адамға жетті. Бұдан бөлек, министрлік педагогтер арасынан кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асыруды жалғастыруда.
 
«Білімнің сапалы болуы ұстаздың мықтылығына байланысты. Бұл білім беру институты педагогикалық зерттеулерді жүйелі дамытуға, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін күшейтуге және болашақ мамандарды дайындау деңгейін арттыруға мүмкіндік беред», - деді Ғани Бейсембаев.
 
Конференция аясында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелеріне арналған жұмыс секциялары өтті. Өңірлерден келген ғалымдар мен педагогтер үшін онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
 
Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім аясында педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер алаңына айналатын педагогика ғылымын дамыту орталығы құрылатын болады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #педагогикалық ғылым #дамыту орталығы #құру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);