AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда отбасылардың ажырасуы көбейіп барады –...

Қазақстанда отбасылардың ажырасуы көбейіп барады – Ұлттық комиссия

Әлеумет 17.06.2022, 08:02 1,267
Қазақстанда отбасылардың ажырасуы көбейіп барады – Ұлттық комиссия
Сурет: Turkystan.kz

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстандағы отбасылардың ажырасу көрсеткіші көбейіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ведомство әлеуметтік желідегі парақшасында некенің ең қауіпті кезеңін де атаған.



«Жасыратыны жоқ, Қазақстанда некеге тұру саны азайып, ажырасулар біртіндеп көбейіп келеді. Бұл ақпарат Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) жүргізген «Қазақ отбасы-2020» ұлттық баяндамасында жинақталған. Сарапшылардың пікірінше, ерлі-зайыптылар үшін ең қиыны некенің бірінші онжылдығы екен (бұл барлық ажырасулардың жалпы санынан 61,5%-ына жеткен). Сонымен қатар, некеге тұрудың алғашқы төрт жылы барлық ажырасулардың үштен бірін құрайды», - деп жазды ұлттық комиссиядан.



Жазбада ажырасулардың 30%-ға жуығы некенің бесінші және оныншы жылдарында болатындығы айтылған. Он жылдық некеден кейін ажырасу ықтималдығы 20 жылдық кезеңге дейін күрт төмендейді. Есесіне, жиырма жылдық некеден кейін ажырасқан отбасылар саны қайтадан өседі: бұл ажырасулардың жалпы үлесінің 13,7 %-ын құрайды.



«ҚҚДИ сарапшыларының айтуынша, жиырма жылдық некеден кейін ажырасудың өсуі «бос ұя» кезеңін көрсетеді, яғни балалар өсіп, отбасын тастап кеткен. Содан кейін жинақталған реніш, өзара шаршау және басқа да факторлар ерлі-зайыптылардың одан әрі бірге өмір сүруіне біршама кедергі келтіреді. Сонымен қатар, сарапшылар бұл жаста некенің бұзылуына жанама түрде өмір сүру деңгейінің айтарлықтай жоғары болатындығы әсер етеді деп санайды. Өйткені бұрынғы ерлі-зайыптылардың бір-бірінсіз еркін жүріп-тұруына мүмкіндігі бар», - делінген жарияланымда.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #ажырасу #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);