ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясының өкілеті к...

Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясының өкілеті кеңеюі мүмкін

Саясат 21.07.2022, 08:38 1,793
Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясының өкілеті кеңеюі мүмкін
Сурет: Inbusiness.kz
Сайлауға бақылау жүргізетін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу өкілеті берілмек.

Сайлауға бақылау жүргізетін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу өкілеті берілмек.


«Ашық НҚА» порталында Конституциялық заңдарға өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңның жобасы талқыланып жатыр. Аталған құжатта "Сайлау туралы" заңға енгізу жоспарланған өзгерістер мен түзетулердің тізбесі берілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Құжаттың толық атауы – «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. 28 шілдеге дейін қоғам талқысында болатын құжаттың жобасына сүйенсек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының ондаған бабына 100-ге жуық өзгеріс пен түзету ұсынылған. Соның ішінде Орталық сайлау комиссиясының өкілеті мен міндетіне қатысты бірқатар өзгертулер бар.


Нақтырақ айтсақ, сайлауға бақылау жүргізетін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу өкілеті берілмек.


«16-10) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;


16-11) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;


16-12) сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын және бекітеді;


16-13) аумақтық сайлау комиссияларының кандидаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді», - деп жазылған ұсынылып отырған заң жобасында.


Қолданыстағы "Сайлау туралы" заңның 12-бабында мұндай норма жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.