AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда оқушылардың үштен екісі функционалды с...

Қазақстанда оқушылардың үштен екісі функционалды сауатсыз

Әлеумет 22.05.2024, 17:49 1,087 Kanat Uxikbayev
Қазақстанда оқушылардың үштен екісі функционалды сауатсыз
almaty-akshamy.kz

Бірнеше жыл бұрын мектеп оқушыларымен кездесуде маған мынадай сұрақ қойылды:
"Мұғалімдік тәжірибеңіз бар екенін білеміз, КТЛ (қазіргі БИЛ) мектебіне мұғалім ретінде шақырса келесіз бе?"
⠀
Мен бармайтынымды айттым. Себебі КТЛ, НИШ сияқты мектептерде мықты мамандар жұмыс жасайды. Мен керісінше ауыл мектептеріне барар едім. Себебі ол жақта мұғалім жетіспейді және жалпы білім сапасы өте төмен. Мен сол ауылға көмектесейін.
⠀
Ия мемлекет мені өте сапалы білім беретін мектепте оқытты. Ал енді менің борышым – ауыл-аймақтардағы білім сапасын көтеруге ат салысу.

Зерттеулерге сүйенсек, Дүниежүзілік банктің 2023 жылғы шолуына сәйкес, қазақстандық оқушылардың үштен екісі қазіргі заманауи әлемде табысты жұмыс істеуге дайын емес деп бағаланды. Бұл «функционалдық сауатсыздық деңгейі» арқылы анықталды, яғни оқушылар негізгі академиялық дағдыларды толық меңгере алмай жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (OECD) мүше елдердегі функционалдық сауатсыздық деңгейі 22,6% құрайды. Ал Қазақстанда жалпы мемлекеттік мектептерде бұл көрсеткіш 64,2%-ға жетеді, яғни оқушылардың көпшілігі функционалды сауатсыз деп есептеледі. (сілтеме: https://www.worldbank.org/.../kazakhstan-needs-to.., сілтеме: https://astanatimes.com/.../world-bank-review-2023.../)
⠀
Шолуда айтылғандай, NIS мектептеріндегі бір оқушыға жұмсалатын қаржы жалпы мемлекеттік мектептерге қарағанда төрт есе көп, ал NIS оқушылары жалпы орта мектеп оқушыларының тек 0,4%-ын ғана құрайды. (сілтеме: https://www.worldbank.org/en/country/kazakhstan, сілтеме: https://documents1.worldbank.org/.../IDU0336efa090a5ea047...)
⠀
Қазақстанда ауыл мектеп оқушыларының үлесі 49%. Ал PISA 2022 нәтижесі бойынша қала мен ауыл мектептерінің білім сапасы айырмашылығы айтарлықтай үлкен. (сілтеме: https://gpseducation.oecd.org/CountryProfile...)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #мектеп оқушылары #мұғалімдер мәселесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);