AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда өндірістік жарақаттанудың алдын алуға...

Қазақстанда өндірістік жарақаттанудың алдын алуға арналған Жол картасы әзірленді

Әлеумет 22.11.2022, 09:07 1,415
Қазақстанда өндірістік жарақаттанудың алдын алуға арналған Жол картасы әзірленді
Сурет: Kun.uz

Өндірістік жарақаттану мен өлім жағдайлары 30 пайызға төмендейді.


Құрылыс объектілеріндегі өндірістік жарақаттанудың алдын алу және мұнара крандары операторларымен байланысты өлім жағдайларын азайту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Құжатты Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ашық талқыға шығарды. 


Жол каратасына сәйкес, 2025 жылға дейін қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағыттталған жұмыстардың басым бағыттары:


Құрылыс алаңдарында мұнара крандарын пайдалануға байланысты болған апаттар мен оқиғаларды талдау;


Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық және салалық үшжақты комиссияның отырыстарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесін қарау;


Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың мұнара крандарын іске қосқанға дейін техникалық куәландыруға қатысуы;


Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;


Қауіпті өндірістік объектілерде жүк көтергіш механизмдерді жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру.


Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын көрсететін тұлғалар үшін білімге, іскерлікке, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек сапасы мен жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін кәсіби стандарт әзірлеу қарастырылған.


Ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу.


Комитет болжамынша, аталған жұмыстардың нәтижесінде мұнара крандары операторларының өндірістік жарақаттануы мен өлім жағдайлары 30 пайызға төмендейді. Ал құрылыс алаңдарындағы апатты жүк көтергіш механизмдер 20 пайызға азаяды. Сонымен қоса, нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына сай келетін кәсіпорындар саны 10 пайызға артады.


Құжатты ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #өндіріс #жарақат #карта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);