AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда несие беру шарттары қатаңдайды

Қазақстанда несие беру шарттары қатаңдайды

Әлеумет 21.06.2024, 10:44 1,000 Almaty-akshamy.kz
Қазақстанда несие беру шарттары қатаңдайды
Almaty-akshamy.kz. 

Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Елімізде несие беру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Енді банк алдындағы берешегін 90 күннен кешіктіргендер қайта қарыз ала алмайды. Қазір ел азаматтары банктерге белшеден қарыз. Несие көлемі жылдан жылға артып, 17 трилллион 800 миллиард теңгеге жетті. Бір триллионға жуық несие бойынша төлем 90 күннен кешіктірілген.

Қарызға батқан халықты құтқарып, борыштық жүктеменің артуына жол бермеу үшін несие беру туралы арнайы заң қабылданды.

Берешегін 90 күннен кешіктіріп жүргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады. Әрі несиесі бар жігіттер отан алдындағы борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейін 2 ай бойы қарызына өсімпұл есептелмейді.

Қазір азаматтар несиесін төлемей жүрсе, банктер бас қатырмайды. Коллекторлық агенттіктерге бере салады. Олар кейін клиенттен қарызды артығымен өндіріп алып жатады. Енді мұндайға жол жоқ.

Азаматтардың қарызын 2026 жылдың мамырына дейін коллекторларға беруге тыйым салынды. Коллекторларға несиені беру тәртібі қатаяды. Яғни клиент несиесін 24 ай бойы төлемеген болып, оның берешегіне оңтайландыру жүргізілген болуы тиіс.

Егер ол да көмектеспесе, коллекторларға беруге рұқсат.

Бұдан бөлек, қазір онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар қаптап кетті. Енді жаңа заңға сай, микро несие алу үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Әрі әйелінің не күйеуінің рұқсаты болуы тиіс. Бұл норманың техникалық жағынан қалай іске асатыны қазір қаралып жатыр дейді мамандар.

Сондай-ақ бұдан былай несиені алаяқтардың рәсімдегені дәлелденсе, ол кешіріледі. Заңға Президент қол қойды. Енді ол 60 күннен кейін күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #Тоқаев #шарт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);