ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өт...

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі

Әлеумет 13.10.2024, 13:13 1,131
Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі
Сурет: Gov.kz
Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тәуелсіздік алған 30 жылдан астам уақыт ішінде республикада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру саясаты жүйелі түрде іске асырылуда. Бұл күн – әр адамның түрлі ерекшеліктеріне қарамастан өзін құнды және қажет екенін сезінетін инклюзивті қоғам құрудың маңыздылығын атап өтудің тағы бір салмақты себебі болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 732 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көпшілігі өздерінің өмірлік мысалдарымен стереотиптерді бұзып, егер әркім өзіне сенетін болса, мүмкін емес ешнәрсе жоқ екенін дәлелдеген азаматтар.

Мүгедектігі бар адамдардың арасында дарынды суретшілер, табысты бизнесмендер, қоғам қайраткерлері бар. Олар инновациялық технологиялар жасап, шабыт сыйлайтын кітаптар жазып, әлеуметтік жобалар жасауда. Олар қоғам дамуына баға жетпес үлес қосып келеді.

Биыл Париждегі Паралимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен мүгедектігі бар спортшыларымыз еліміздің ерекше мақтаныштарына айналды. Біздің республика құрамасы 9 медальға ие болды: 2 алтын, 3 күміс және 4 қола. Олардың жетістіктері мүгедектік қол сілтеп, бәрінен күдер үзуге болмайтынынң айқын мысалы болып табылады.

Паралимпиадалық ойындардағы жетістік мемлекетіміздің мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын жақсарту және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғам өміріне қосу бойынша дәйекті саясаттының нәтижесі.

Еліміздеде мүгедектігі бар азаматтарға білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, оңалту қызметтері, саяси және қоғамдық өмірге қатысу және т. б. құқықтарын жүзеге асыруға кепілдік беретін заңнама бар. Барлық өңірлерде қолжетімді орта құру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

«Осы жылы еліміз БҰҰ-да Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы алғашқы баяндаманы қорғады. БҰҰ комитеті Қазақстан қабылдап жатқан шараларды жоғары бағалады және 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасында іске асырылатын бірқатар маңызды ұсынымдарды ұсынды.  

Біз бүгінге дейін көптеген қызмет атқардық, бірақ әрі қарай даму үшін одан да көп жұмыстар атқаруымыз қажет. Барлығы қолжетімді және инклюзивті қоғам құру үшін бірге жұмыс істейік!», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.