конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда «Microsoft» корпорациясымен бірлескен...

Қазақстанда «Microsoft» корпорациясымен бірлескен мультиаймақтық хаб ашылады

Білім және ғылым 10.04.2023, 21:33 1,266
Қазақстанда «Microsoft» корпорациясымен бірлескен мультиаймақтық хаб ашылады
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда «Microsoft»-тың аймақтық хабының құрылуы маңызға ие


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) Бас консулдығының бірлескен жұмысының нәтижесінде «Microsoft» корпорациясымен Қазақстан аумағында орналасатын мультиаймақтық хаб ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 


Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің және Microsoft-тың Қазақстандағы Бас директоры Сергей Лещенкомен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтиды.



«Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Осылайша, хаб Microsoft корпорациясының технологиялық даму және инновациялар орталығы бола отырып, шикізаттық емес технологиялық салалардың өнімдерін өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтудың драйвері бола алады», - деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.



«Қазақстанда «Microsoft»-тың аймақтық хабының құрылуы маңызға ие. Елдеріңізде тиісті инфрақұрылым бар. Біз қуана-қуана бірлескен жобаларды іске асырып, сіздермен жұмыс істегіміз келеді», - деп атап өтті Microsoft компаниясының Қазақстан бойынша Бас директоры Сергей Лещенко.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорк қаласында өткен 77-сессиясына қатысу үшін жасаған сапары аясында «Microsoft» корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша бас директоры Мишель Симмонспен кездесуі өтті. Кездесу аясында одан әрі ынтымақтастық орнату, атап айтқанда, қазақстандық кеңсені өңірлік хабқа дейін кеңейту мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Microsoft #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);