ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 93,4% электронды...

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 93,4% электронды форматқа ауыстырылды

Әлеумет 22.02.2022, 09:04 1,386
Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 93,4% электронды форматқа ауыстырылды
Сурет: Sevastopol.bezformata.com
Саланы цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Саланы цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр.


Қазақстанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 93,4 пайызы электронды форматқа ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды кезең-кезеңмен онлайн форматқа көшіру жоспарлануда. Электрондық қызметтерді дамытуға келер болсақ, бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Тізілімге сәйкес, мемлекеттік қызметтердің 93,4% электрондық форматқа аударылды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев аталған жиында.



Оның айтуынша, аталған бағыттағы оң өзгерістерге қарамастан, жекелеген мемлекеттік қызметтер бойынша проблема бар.



«Агенттік тұрақты негізде «электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне мониторинг жүргізіп, соның қорытындысы бойынша порталда электрондық қызметтердің 189 түріне қолжетімділіктің жоқтығын анықтады. Сонымен қатар, агенттіктің жедел мониторингінің арқасында «электрондық үкімет» порталында 158 электрондық қызметтің қолжетімділігі қамтамасыз етілді», - дейді ол.



Сонымен қатар агенттік басшысы мемлекеттік қызмет саласы бойынша әлемдік үздік тәжірибелердің зерттелетіндігін тілге тиек етті.



«Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген тапсырманы ұтымды орындауы үшін, икемді жұмыс кестесі мен қашықтықтан жұмыс істеу жағдайын жасау қажет. Яғни жұмыс жасау кеңістігіндегі тиімді жағдайларды пайдалану тәжірибесін кеңейтуіміз керек. Сол секілді алдағы уақытта агенттік сарапшылармен ортақ талқылаудың қорытындысын және әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеп, нақты ұсыныстарды дайындайды», - деді Д.Жазықбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.