AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеу...

Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды

Білім және ғылым 23.11.2024, 14:44 1,496
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

2024 жылдың 18 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында еліміздің 1 мың білім беру ұйымында халықаралық PISA зерттеуі жүргізілуде.

Оған 15 жасқа толған 30 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Зерттеу дәстүрлі PISA әдіснамасына негізделген және оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдары секілді функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар бұл зерттеу арқлы білім беру ұйымдарына сыртқы бағалау жүргізіледі. Оның нәтижелері оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.

«Мектептерге арналған PISA зерттеуі жыл сайын жүзеге асырылады және әр мектеп бойынша жеке есептер ұсына отырып, нәтижелерді талдауға мүмкіндік береді. Бұл мектептерге білім беру сапасын арттыру бағытындағы стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеуде маңызды құрал болады. Зерттеу оқу орындарының күшті және әлсіз жақтарын анықтап, қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі, осылайша білім беру процесін жақсартуға ықпал етеді», — деп атап өтті Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Айта кету керек, «Мектептерге арналған PISA» зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізеді. Оған 2021-2023 жылдар аралығында еліміздің 2200 білім беру ұйымдары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мектеп #PISA-зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);