конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасына бағ...

Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасына баға беріледі

Білім және ғылым 02.04.2024, 06:48 1,409
Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасына баға беріледі
Сурет: Gov.kz

15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады.


Оған 2462 мектеп бойынша 4-ші және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ББЖМ арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ, оқу процесінің осал тұстарын анықтауға қол жеткізіледі. Оқушылардың білім сапасын зерделеуге бағытталған бұл жүйе қазақстандық ұлттық зерттеу құралы. Оның қорытындысында білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.



«Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану. Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау үшін ББЖМ шеңберінде сауалнама жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтерге, мектеп басшыларына және төртінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған», - дейді «А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның төрағасы Мағжан Аманғазы.


Айта кету керек, ББЖМ 26 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);