ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мамандандырылған мектептер саны 134-ке...

Қазақстанда мамандандырылған мектептер саны 134-ке жетті

Әлеумет 31.10.2022, 04:41 1,253
Қазақстанда мамандандырылған мектептер саны 134-ке жетті
Сурет: Edu.gov.ru
Әрбір оқушы жеке оқу жоспары бойынша оқиды.

Әрбір оқушы жеке оқу жоспары бойынша оқиды. 


 Қазақстанда мамандандырылған мектептердің саны 134-ке жетті. Оқу жылының басынан бері бұл мектептерде 72 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Дарынды балалармен 8 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мамандандырылған мектептер еліміздің барлық аймағында ашылған. Емтихандардан сүрінбей өткен балалар бұл білім ордаларында тегін білім ала алады. Сонымен қатар биыл Балалар жылында алғаш рет әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға ерекше мүмкіндіктер жасалды.



«Министрлік дарынды балаларды қолдау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі күні 134 мамандандырылған мектеп жұмыс істейді. Дарынды балалар республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мысалы, былтыр 420-дан астам оқушы республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Олардың ұстаздары да жақсы үлгі көрсетіп, «Үздік педагог», «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Дарынды балалардың талантты мұғалімі» сынды байқауларға қатысып жүр», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.



134 мектептің 94-і жаратылыстану-математика бағытында, 6 мектеп қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 8-і - көпсалалы, 5-еуі әскери спорт, 6-ауы музыкалық-эстетикалық бағытта жұмыс істейді. Тағы 15 мектепке Абай Құнанбаев есімі берілген. 95 мектептің интернаттары бар.


Мамандандырылған мектептердегі оқу үрдісі ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттармен біріктіру арқылы жасалған. Әрбір оқушы жеке оқу жоспары бойынша оқиды. Мұндай тәсіл балалардың әлеуетін барынша ашуға және олардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.


Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мамандандырылған мектептерге оқушыларды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Комиссия іріктеу кезінде математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығын, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу деңгейін бағалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.