ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда киберполиция қызметі іске қосылды

Қазақстанда киберполиция қызметі іске қосылды

Заң мен тəртіп 24.04.2023, 10:26 1,091
Қазақстанда киберполиция қызметі іске қосылды
Сурет: Rg.ru
Астанада бастау алған пилоттық жоба Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларда жалғасын табуы мүмкін.

Астанада бастау алған пилоттық жоба Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларда жалғасын табуы мүмкін.


Елімізде алаяқтық өршіп тұр. Қылмыстың осы түрімен күресті күшейту үшін киберполиция қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Астаналық Айнұр айдың-күннің аманында қыруар қаржысынан қағыла жаздады. Бойжеткен әлеуметтік желіде Британия азаматымен танысқан. Екі ай бойы үздіксіз хат жазған жігіт арудың сеніміне кіреді. Қымбат сыйлық жіберетінін жиі айтады. Алайда шетелдік жігіттің сыйы Айнұрды әуре-сарсаңға салды. 



«Сонымен жақсы сөйлесіп жүреміз. Бір-екі ай сөйлесіп жүргеннен кейін ол кісі маған «Мен саған жақсы сыйлық жасағым келеді" дегенді айтады. «Сыйлықтың ішінде не салып жібердің?» деп сұраймын ғой жаңағы жігіттен. Сонда ол: «Айфон, сумки там, андай-мындай, аксессуары» дейді. Сосын ертесіне маған компания хабарласады. Компания хабарласып айтады: «Сіздің атыңызға солай-солай, сыйлығыңыз келді. Сол сыйлықты алу үшін 319 500 теңге ақша төлеу керексіз» дейді», - деді Астана тұрғыны Айнұр. 



Қымбат сыйлыққа қызыққан қыз жетпеген ақшаны қарызға алып, 319 500 теңгені терминалдан аударады. Алайда ертеңіне алаяқтар тағы хабарласып, қорапта қомақты ақша барын айтады. Егер тездетіп 1,5 млн теңге салмаса, заң жүзінде жауапқа тартамыз деп қорқытады. Алданғанын түсінген бойжеткен дереу полицияға жүгіреді. Оның табан ақы, маңдай терімен тапқан ақшасын қайтаруға Есіл ауданының киберполициясы көмектесті. Бұл бөлімше пилоттық жоба ретінде жыл басында құрылды. Құрамында тергеушілер, ІТ маман бар. 



«Қазіргі уақытта интернет заманында интернет-алаяқтық бірінші орында тұр. Пилоттық жоба әзірге Есіл ауданында енгізілген, алайда бұл жобаны министрімізге көрсеткен кезде, Алматы, Шымкент сияқты үлкен қалаларда жалғастыру туралы нұсқау берді», - дейді Астана қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеров. 



Бүгінге дейін 234 қылмыс ашылды. Интернет-алаяқтық өршіген соңғы кезде мұнда жүгінетіндер саны тіпті өскен. Сондықтан киберсақшылар Астананың басқа да аудандары тұрғындарының арызын қарауға мәжбүр. Шағым egov порталы арқылы немесе кезекші бөлімде қабылданады. Киберполицей банк жұмысын, интернет желісін және криптоәлемді жақсы білуі тиіс. Кейінгі жылдары маман дайындауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ішкі істер министрлігінің академияларында киберқылмыстар бойынша кафедра ашылды. Қабырғасы кеңейгелі отырған бөлімшенің негізін осы кафедралардың түлектері құрамақ. Дегенмен, кедергі де жоқ емес. Әсіресе, шетелдік қылмыскерді анықтау қиын. 



«Құқықбұзушылықтардың жартысынан көбі - ақшалай қаражаттар немесе шетелдердің банк шоттарына кетеді, яғни, болмаса, криптобиржа саласына кетеді. Криптобиржа да, шетелдердің банк шоттары да біздің елдің заңына бағынбағандығынан, өздерінің арнайы құқықтық нормалары болғандықтан, дер уақытында жауап алу қиындық туғызады», - дейді  қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі Аят Естілеуов.



Яғни шекара асқан ақшаны қайтару қияметтің қылкөпірінен өткендей. Шетелде тіркелген құрылғы туралы мәліметті алу үшін халықаралық құрылымдарға шығу керек, дипломатиялық нота жолдау қажет. Нотаны тездеткеннің өзінде бір айдан аса күтесіз. Ал бұл уақытта талай адам алаяқтың арбауына түсіп, сан соғып қалатыны сөзсіз. Киберсақшылар интернет желісінде абай болуға шақырады. Тапсырыс берерде қызмет ұсынушының құжатын сұраған абзал немесе бейнебайланысқа шыққан жөн. Сондай-ақ парақшадағы ел пікіріне көңіл бөлу керек және банк қызметкері телефон арқылы операция жүргізбейтінін естен шығармаған жөн.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.