AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кәсіпкерлер үшін карантин талаптары же...

Қазақстанда кәсіпкерлер үшін карантин талаптары жеңілдетілді

Әлеумет 24.01.2022, 16:55 1,342
Қазақстанда кәсіпкерлер үшін карантин талаптары жеңілдетілді
Сурет: Inform.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - пандемия кезеңінде бизнестің қызметін қамтамасыз ету үшін шектеу шараларын қайта қарау туралы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау бойынша шараларды әзірлеу болды. Талқылау қорытындысы бойынша ВАК Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бизнес субъектілері қызметінің шектеулерін азайту жөніндегі шараларды қолдады.


Атап айтқанда, қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін эпидемиологиялық тәуекелдің барлық аймақтарында (жасыл, сары, қызыл) карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, «көк» мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін бизнес объектілері үшін эпидемиологиялық қатер аймағына байланысты карантиндік шектеулерді әлсірету мәселесі қаралды. Жасыл аймақта-шектеусіз, сары, қызыл аймақтарда карантиндік шектеулерді толымдылықты арттыру бойынша жеңілдету және жұмыс режимі бойынша шектеулерді алып тастау бағыттары қаралды. Вице-Премьер карантиндік шектеулерді алып тастау кәсіпкерлер тарапынан санитариялық талаптарды мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету бойынша жауапты қадамдарды талап ететінін атап өтті.


Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 инфекциясының өте жұқпалы нұсқасы болып табылатын «омикрон» штамының тез таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда ВАК эпидемиологиялық жағдайды түзету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруды ұсынғанын және басты басымдық халықты вакцинациялау және ревакциналау екенін атап өтті.


Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін вакциналардың жеткілікті санын бөлді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ведомствоаралық комиссия #Пандемия #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);