Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кәсіпкер болғысы келетіндер саны артты

Қазақстанда кәсіпкер болғысы келетіндер саны артты

Әлеумет 22.06.2022, 04:09 1,086
Қазақстанда кәсіпкер болғысы келетіндер саны артты
Сурет: Inbusiness.kz
Өз бизнесін бастағысы келетіндер арнайы жобаға қатысып, білім алды.

Өз бизнесін бастағысы келетіндер арнайы жобаға қатысып, білім алды.


Қазақстан Үкіметі халықты жұмыспен қамтуға арналған шараларды іске асырып келеді. Осы мақсатта іске қосылған ұлттық жобаға 185 мың адам қатысып, білімін жетілдірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қатысушылары 185 мың адам болды. 167,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның 91,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.      



Жұмыс берушілердің өтініші бойынша 3,4 мың адам оқу үшін оқыту ұйымдарына жіберілді.


Өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды.


Субсидияланатын жұмыс орындарына 82,5 мың адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 11,4 мың, жастар практикасымен 8,6 мың, қоғамдық жұмыстармен 61,1 мың адам қамтылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,1 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 138 адам,  «Күміс жас» жобасы аясында 226 адам жұмыспен қамтылды.    


Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.


Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық ұйымдарда оқытылды.   


Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.