Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салуға араб ко...

Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салуға араб компаниясы тартылмақ

Әлеумет 15.03.2023, 18:40 840
Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салуға араб компаниясы тартылмақ
Сурет: Министрлік

Қазақстанның 68 қаласындағы су бұру құрылыстары мен желілерінің қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді


Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің (ADSSC) Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салып, жаңғырту жобаларына қатыспақ. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ИИДМ сілтеме жасап хабарлайды.


Аталған іс-шараға «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев және Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің басқарушы директоры, сондай-ақ басқарма төрағасы Ахмед аль-Шамси қатысты.


Бұл орайда Қазақстандық орталықтың өкілдері еліміздегі кәріз-тазарту жүйелерін салу мен жаңғырту жобаларын іске асыруға бағытталған тұжырымдамасы, сонымен бірге қаржыландыру тетіктерін айтып берді. Бұдан басқа Қазақстанның 68 қаласындағы су бұру құрылыстары мен желілерінің қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Осы бағыттағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін әлеуетті инвесторлардың инфрақұрылымдық жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.


Өз кезегінде шетелдік компанияның өкілдері республикадағы кәріз-тазарту инфрақұрылымының жағдайын зерттеп, талдауға байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.


Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара тиімді әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.


Осы ретте Abu Dhabi Sewerage Services Company – Абу-Даби Әмірлігінде қатты және сұйық қалдықтардан жиналатын ағынды суларды қауіпсіз жинап, тазартумен айналысатын мемлекеттік коммуналдық компания екенін айта кетейік. Аталған компанияның активінде 40-қа жуық кәріз тазарту қондырғысы және 260-тан астам сорғылау стансасы, сондай-ақ 12,606 шақырымдай кәріз желісі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәріз #Араб компаниясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.