AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда жүрек аритмиясын емдеудің жаңа техноло...

Қазақстанда жүрек аритмиясын емдеудің жаңа технологиясы енгізілді

Медицина 24.09.2024, 14:34 1,123 dulatbekova
Қазақстанда жүрек аритмиясын емдеудің жаңа технологиясы енгізілді
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып жүрек аритмиясын емдеудің жаңа технологиясын енгізді.

UMC жүрек орталығының мамандары әлемнің жетекші клиникаларында қолданылатын жүрек аритмиясын емдеудің озық әдісі – Farapulse электроимпульсті абляциясын сәтті енгізді. Технология жоғары қауіпсіздік пен тиімділікке ие және ем-шарадан кейін пациенттердің қалпына келу уақыты 1-2 күнге дейін қысқарады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Еуропалық жүрек ассоциациясы қауымдастығының (EHRA) хатшысы болып табылатын, әлемге әйгілі кардиолог, француз клиникасы Clinique Pasteur профессоры Серж Боведа жаңа технологияны қолдану бойынша мастер-класс өткізді.

«Ем-шара аз инвазивті – катетер сан көктамыры арқылы енгізіліп, жүрекке жіберіледі, онда электропорация арқылы ол тек патологиялық тіндерге әсер етеді. Бүкіл процесс бір сағаттан аспайды және пациенттер екі күннен кейін қалыпты жағдайға оралады», – деді профессор.

Farapulse технологиясы Қазақстанда ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында алғаш рет енгізілді. Ол пациенттерде жүрекше фибрилляциясы– жүректің жоғарғы камераларының тез және ырғақты емес жиырылуы пайда болған кезде қолданылады. UMC жүрек орталығының мамандары доктор Боведаның жетекшілігімен мастер-класс барысында 8 ем-шара өткізді.

«Технология сау тіндерге әсер етпей, аритмия аймақтарына дәл әсер етуге мүмкіндік береді, бұл пациент үшін емдеуді барынша қауіпсіз етеді», - деп атап өтті UMC жүрек орталығының интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі Өмірбек Нұралинов.


Бұл технологияны енгізу әсіресе өзекті, өйткені жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

«Қазақстанда жыл сайын 1000-ға жуық пациент жүрекше фибрилляциясын емдеуді қажет етеді және мемлекеттік квотаның арқасында олар осы жоғары технологиялық көмекті тегін ала алады», - деп атап өтті UMC басқармасының төрағасы Юрий Пя.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДСМ #жүрек аритмиясы #жаңа технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);